08.08.2016, 18:29 3867

Парламент Мәжілісініӊ депутаты Оӊтүстікте

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Сауытбек Абдрахманов Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Оӊтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

Астана. 8 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Сауытбек Абдрахманов Ұлт жоспарын түсіндіру мақсатында Оӊтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Парламентке Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған депутат "Қоғамдық келісім" КММ-інде өткен жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеӊестері мен Аналар кеӊестерініӊ мүшелерімен және облыстық этномәдени бірлестіктердіӊ өкілдерімен кездесті.

Кездесуде этносаралық бірлік пен келісімді нығайту, Елбасыныӊ Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктеген жаӊа функционалдық бағыттарын жүзеге асыру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, осы күні С.Абдрахманов облыстық этномәдени бірлестіктердіӊ төрағаларымен жүздесіп, Қазақстандық біртектілікті дамыту жайында өзара пікір алмасты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны