24.09.2012, 15:24 2945

Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне Серік Ахметовтің кандидатурасын бірауызды шешімімен қолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысты.

Астана. 24-қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне Серік Ахметовтің кандидатурасын бірауызды шешімімен қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысына қатысты.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отырыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовке атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметіне Серік Ахметовтің кандидатурасын ұсынды.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызметіне Серік Ахметовтің кандидатурасын қолдау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны