05.09.2018, 19:24 3737

Парламент Мәжілісініӊ төртінші сессиясыныӊ алғашқы жалпы отырысы басталды

Н. Нығматулин атап өткендей, қазірдіӊ өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заӊ жобасы бар.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен алтыншы сайланған Парламент Мәжілісініӊ төртінші сессиясыныӊ алғашқы жалпы отырысы басталды.

Осыған орай, Палата Төрағасы 1-қыркүйекте Елбасыныӊ осы сессияны ашып, еліміздіӊ даму жоспарына сәйкес, нақты тапсырмалар бергенін алға тарта келіп:

-Біздіӊ енді басты мақсатымыз - Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев жүктеген міндеттерді өз уақытында, сапалы заӊдармен қамтамасыз ету. Соныӊ ішінде, Елбасымыздыӊ жаӊа тапсырмаларына сәйкес, әлеуметтік жағдайды одан әрі күшейтуге, экономиканы дамытуға және ұлттық-рухани байлықты сақтауға ерекше көӊіл бөлетін боламыз,-деді.

Н. Нығматулин атап өткендей, қазірдіӊ өзінде Парламент қарауында 50-ден астам заӊ жобасы бар.

Олардыӊ қатарында, "Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордыӊ сатып алулары мәселелері туралы", "Табиғи монополиялар туралы" маӊызды заӊ жобаларымен қатар, денсаулық сақтау, көлік, мемлекеттік сатып алулар, АӨК-ні реттеу, меншік құқығын қорғауды күшейту туралы заӊнамалық түзетулер; арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар, кинематографияға қатысты құжаттар қамтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны