10.12.2008, 13:15 1802

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ұсыну туралы ұсыныс жасалды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында Нұрсұлтан Назарбаевты "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ұсыну туралы ұсыныс жасалды

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында бірқатар депутаттар Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ұсыну туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Парламентшілердің бастамасын палата депутаттары бірауыздан қолдады. Мәжілістің қабылдаған қаулысында: "Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса зор жетістіктер үшін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ұсынылсын",- деп жазылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны