14.06.2012, 14:41 2783

Парламент мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға жауаптылықты күшейтетін заңды қабылдады

Парламент қабылдаған заң ҚР Президентінің қол қоюына жіберіледі.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Парламент мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға жауаптылықты күшейтетін заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану үдерісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды құқықтық жетілдіру шараларын көздейді. Атап айтқанда, құжат бойынша ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының барлық нотариустардың мөрлерінде болуы туралы норма қамтылып отыр. Бұл жекеше нотариустың мәртебесін арттыруға бағытталады. Сонымен қатар, ҚР Мемлектетік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олар бейнеленген материалдық нысандарды пайдалану кезінде ұлттық стандарттарды бұзғаны үшін, сондай-ақ оларды пайдалану тәртібін бұзғаны үшін айыппұл санкциялары ұлғайтылады.

Бұдан бөлек, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік рәміздер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасы да мақұлданды. Бұл құжатта еліміздің мемлекеттік рәміздерін қорлағаны үшін жауаптылық күшейтіледі. ҚР Мемлекеттік Инұранын пайдалану және орындау тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық белгілеу қарастырылды. Спорт және дене шынықтыру жөніндегі уәкілетті органның рөлін арттыру мақсатында еліміздің аумағында және шет елдерде спорттық іс-шаралар өткізу барысында "Мемлекеттік рәміздер туралы" заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету бойынша құзырет бекітілді. Спортшылар үшін Инұранның музыкалық редакциясы мен мәтінін білуі жөніндегі міндетті норма да қарастырылған.

Парламент қабылдаған заң ҚР Президентінің қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны