29.06.2007, 11:47 3013

Парламент мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл заң Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс пен "Жеке кәсіпкерлік туралы" заң нормаларын кеше қабылданған "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіруге бағытталған.

Атап айтсақ, Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеуді қарастыратын 167-ші баптың жаңа редакциясы енгізілген.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны