24.10.2012, 11:35 3677

Парламент Микроқаржылық ұйымдар туралы заңды қабылдады

Құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады, ол елбасына қол қоюға жіберіледі.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Микроқаржылық ұйымдар туралы" заң жобасына сенат енгізген түзетулермен келісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады, ол елбасына қол қоюға жіберіледі.

Сенаторлар алдында заң жобасының 6- бабына өзгеріс енгізген болатын, оған қарағанда, қарыз алушының міндеттемесін қамтамасыз ету ретінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталдағы үлестері мен акцияларын қабылдауға тыйым салу көзделген.

"Заң жобасы қарыз алушының құқын шектемеуге бағытталған", деген болатын алдында мәжілісте Ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны