13.03.2007, 13:41 3407

Парламент мүлікті заңдастыру шарасын 2007 жылдың 1-тамызына дейін ұзарту жөнінде заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 13-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау жөніндегі заң актілеріне бірқатар өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталмыш құжатқа сәйкес заңдастыру шараларын жүргізу мерзімі 2007 жылдың 1-тамызына дейін, ал заңдастырылған мүлік құқығын рәсімдеу мерзімі - 2007 жылдың 1-қарашасына дейін ұзартылады.

Заң мемлекет басшасына қол қоюға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, "Мүлікті заңдастыруға байланысты рақымшылық жасау туралы" заң 2006 жылдың шілде айынан бері қолданыста. Бастапқыда аталмыш іс-шара 2007 жылдың 1-қаңтарына дейін созылады деп жобаланған болатын. Дегенмен, мемлекет басшысының тапсырмасымен заңға түзетулер енгізіліп, іс-шара 2007 жылдың 1-сәуіріне дейін ұзартылған.

2007 жылдың 6-наурызындағы жағдаймен республикада заңдастырылған мүліктің жалпы бағасы 193,6 млрд теңгені, немесе 1,55 млрд АҚШ долларын құраған. 918 494 жылжымайтын мүлік нысандары заңдастырылған, олардың 780 735 - тұрғын үй, 209 759 нысан - тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны