21.04.2011, 12:45 3906

Парламент ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасы бойынша қарыз тарту туралы келісім шартты ратификациялады

Қазақстан мен Жапония арасындағы осы келісім еліміздің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Бұл қадам халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырып, Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Астана. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы ОАӨЭЫ Көлік дәлізін қайта жаңарту жобасын (Жамбыл облысы) жүзеге асыру үшін қарыз тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы" ҚР заңы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Жапония арасындағы осы келісім еліміздің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталып отыр. Бұл қадам халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігі бойынша қозғалыс қарқынын едәуір арттырып, Қазақстан Республикасының барлық деңгейдегі бюджеттерінің кіріс бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Екі ел үкіметтері арасындағы келісім аясында Тараз-Қордай жол учаскесі шеңберінде Жамбыл облысының аумағы бойынша өтетін ұзақтығы 20 шақырым дәліз учаскесін 1 техникалық санатқа көшіре отырып, қайта жаңарту көзделеді.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны