26.06.2007, 11:47 2750

Парламент ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң негіздемелік сипатта. Ол ойыншықтардың қауіпсіздігіне қатысты жалпылама минималды талаптарды белгілейді. Онда сандық сипаттамалары көрсетілмейді. Өйткені бұл сипаттамалар аталмыш өнімнің қауіпсіздігіне қатысты арнаулы талаптарды айқындайтын нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны