30.06.2008, 12:14 3131

Парламент өз жұмысында еліміздегі бірқатар маңызды проблемаларды шешті - Мусин

Парламент өз жұмысында еліміздегі бірқатар маңызды проблемаларды шешті - Мусин

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Парламент өз жұмысында еліміздегі бірқатар маңызды проблемаларды шешті. Бұл туралы бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген мәжіліс спикері Аслан Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің проблемалардың шешімін табуға жол табуымыз аса маңызды. Бұл мемлекеттік шекара, республикалық бюджет, жер қойнауын пайдалану, кеден және салық заңнамасы, трансферттік баға түзу мәселелері", - деді А. Мусин.

"Депутаттардың шұғыл араласуының арқасында сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысатын Қазақстандық кәсіпкерлердің мүддесіне қатысты мәселесі дер кезінде шешуге мүмкіндік туды", - деді ол.

Сонымен бірге, "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалануға қатысты заңнамаға енгізілетін түзетулер жөнінде дер кезінде абстама көтерілді. Бұл мемлекеттік экономикалық және экологиялық мүдделерін қорғауға мүмкіндік берді".

"Салық заңнамасына енгізілген толықтырулардың нәтижесінде құрылысқа үлес қосқандардың тауқыметін шешуге жол ашылды", -деді А. Мусин.

Оның айтуынша, жалпы алғанда бірінші сессияда парламентке 120 заң жобасы келіп түсті, осы орайда ел президенті мәжіліске 5 заң жобасын ұсынды. "Сөйтіп, осы сессияда алғаш рет мемлекет басшысының заң шығарушылық бастамасы жүзеге асты", -деді ол.

Заң жобаларарының басты қоржынын -107 заң жобасын үкімет ұсынған.

"Нәтижесінде парламент мәжілісі 71 заң жобасын қарап мақұлдады. Оның ішінде сенат пен мәжіліс 67 заңды қабылдады", - деді спикер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны