13.09.2012, 11:44 4597

Парламент өзара сауда өкілдіктерін құру туралы РФ-мен арадағы келісімді ратификациялады

Құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады және заң түрінде елбасына қол қоюға жіберіледі.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламент сенаты бейсенбіде пленарлы отырыста "Өз ара сауда өкілдіктерін құру жөніндегі Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы келісімді ратификациялау" туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Interfax-Kazakhstan ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады және заң түрінде елбасына қол қоюға жіберіледі.

Сауда өкілдіктері туралы келісімге Мәскеуде 1992 жылы 22-қазан күні қол қойылған.

Құжат арқылы екі мемлекетте сауда өкілдіктерін ашу көзделген. Өкілдіктер Қазақстан мен РФ арасында байланыстарды дамыту мен кеңейтуге ықпал ету мақсатында ашылмақ.

Сенат сондай-ақ сауда өкілдіктерінің бөлімшелерін ашу туралы қосалқы келісімді де ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанның сауда өкілдігінің бөлімшесін Қазан қаласынан, РФ өкілдігінің бөлімшесін Алматыдан ашу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны