22.06.2006, 13:25 2738

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 30-маусымға белгіленді

АСТАНА. 22-маусым. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының кезекті бірлескен отырысы 30-маусымға белгіленді. Осы жөніндегі бұйрыққа мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов қол қойды.

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысын 2006-жылдың 30-маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақыруды бұйырамын”,- делінген мәжіліс аппараты таратқан бұйрық мәтінінде.

Бірлескен отырыста үшінші шақырылған парламенттің екінші сессиясы жабылады. Отырыста парламенттің осы сессия барысындағы іс-қызметінің қорытындысы шығарылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны