24.08.2012, 12:51 2833

Парламент палаталарының бірлескен отырысы 3-қыркүйекке белгіленді

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы жұма күні төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Астана. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Парламент палаталарының бірлескен отырысы 3-қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы жұма күні төменгі палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

"ҚР Конституциясының 58-бабы, 4-тармағы, 2-тармақшасына сәйкес Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2012 жылы 3-қыркүйекте сағат 11-де басталады", - делінген жарлықта.

Құжатта сессияның күнтәртібі көрсетілмеген. Дегенмен, осы отырыста бесінші шақырылымдағы парламенттің екінші сессиясы ашылатыны белгілі. Дәстүр бойынша парламенттің кезекті сессиясының ашылуына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны