19.06.2006, 18:26 2755

Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралады

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бірлескен отырысында ертең 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

“Сенат пен мәжіліс бұл күні 2005-жылғы бюджеттің орындалуы туралы үкімет пен Есеп комитетінің есептерін қарайды”,- делінген хабарламада.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, бірлескен отырыс тікелей эфирде таратылады. “Республиканың мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың 19-маусымдағы хатына сәйкес, отырыс 2006-жылдың 20-маусымында республикалық “Қазақстан” телеарнасы арқылы тікелей эфирге таратылады”.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны