29.06.2006, 12:33 2984

Парламент республика азаматтарының денсаулығы туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар “ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы” заң жобасы бойынша келісім комиссиясының ұсыныстарымен келісті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң сөйтіп қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

Заңның мақсаты – азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі конституциялық құқығына, ақысыз дәрігерлік көмектің кепілді көлемін алуға, түрлі емдеу тәсілдерін қолдануға және этикалық мәселелерге байланысты қарым-қатынастарды реттеуге саяды. Заң ұғымдар аппаратын нақтылауға, мемлекет тарапынан азаматтардың медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз етуге, жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайтуда азаматтар, жұмыс берушілер мен мемлекеттің бірдей жауапкершілік жүктеу, дәрігерлік көмекті аурудың алдын алуға бағыттау, сектораралық ықпалдастыққа бағытталады. Сонымен бірге заң5f адамның дене мүшелерін трансплантациялауға, немесе, оларды алмастыруға қатысты мәселелерге арналған жаңа бөлім енгізілген.

Заң ережелеріне сәйкес, адам биологиялық тұрғыда өлді деп танылған жағдайда немесе адамның миы біржола өлді деп танылған жағдайда ғана оның дене мүшелері мен тіндерін алуға болады. Сонымен бірге заң шығарушылар адам тірі кезінде немесе оның жақын туыстары, әйелі немесе жұбайы, заңды өкілі тарапынан келісім берілмегені туралы қолхат жоқ болған жағдайда органды трансплатациялауға алу мүмкіндігі қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны