28.06.2012, 10:51 2787

Парламент рұқсат беру құжаттарын 30 пайызға қысқартып, жаңа ашылған кәсіпкерлік субъектіні 3 жылға дейін тексеруге тыйым салатын заңды қабылдады

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленген болатын. Бұл ретте заң жобасымен қолданыстағы 80 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделеді. Олар лицензиялау принциптеріне сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерінен лицензиялауды жоюға, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға және оңтайландыруға бағытталады.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленген болатын. Бұл ретте заң жобасымен қолданыстағы 80 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу көзделеді. Олар лицензиялау принциптеріне сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерінен лицензиялауды жоюға, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуға және оңтайландыруға бағытталады.

Жалпы алғанда заң жобасы бойынша елімізде анықталған 1 мың 96 рұқсат беру құжатының жоғары қатердегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейтін 257-ісінің күшін жою қарастырылады. Ақпараттық сипаттағы азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп-қатер келтірмейтін 40 рұқсат беруді хабарлама тәртібіне көшіру көзделеді. Бұдан бөлек, кейбір рұқсат құжаттарының орнына алғаш рет хабарлама тәртібі енгізіліп отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қысқартылады. Бұл бағытта заң жобасымен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне тіркелген мерзімінен бастап 3 жыл бойына жоспарлы тексерулер жүргізуге тыйым салуды қарастырылады.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлікке қарсы құқық бұзушылықтардың барлық құрамына тек тексеру нәтижелері бойынша ғана әкімшілік жаза қолдану туралы Икімшілік құқық бұзушылық кодексі нормасының аясы кеңейтіледі. Сонымен қатар, кәсіпкерлік субектілеріне жатқызу критерийлері қайта қаралатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны