24.11.2006, 11:17 2925

Парламент сайлау науқаны кезінде митинг өткізуге салынатын тыйымды алу туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 24-қараша. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бүгін өткен жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

Еске сала кетейік, енгізілген түзетумен дауыс беру аяқталған сәттен бастап сайлау қорытындысы ресми түрде жарияланғаға дейін митинг өткізуге тыйым салу туралы норма алынады.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны