18.06.2007, 12:26 2585

Парламент "Сайлау туралы" заңға енгізілетін түзетулерді мақұлдады

АСТАНА. 18-маусым. Kazakhstan Today. Парламент палаталарының бүгін өткен бірлескен отырысында депутаттар "Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, заң жобасын парламентте таныстырған әділет министрі Зағипа Балиева заң жобасында "парламент мәжілісін қалыптастырудың жаңа тәртібі қарастырылғанын" жеткізді. "Мәселен, онда көрсетілгеніндей, мәжілістің 107 депутатының 98-і біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша пропорционал сайлау жүйесінің негізінде партиялық тәзәм бойынша сайланса, қалған 9 депутатты Қазақстан халқы ассамблеясы сайлайды",- деді министр.

"Соған байланысты конституциялық заңға осы өзгерістен туындайтын түзетулер енгізіледі және олар жалпы алғанда сайлау процессінің барлық сатыларын қамтиды",- деді министр. Атап айтсақ, жаң жобасында саяси партиялар тарапынан парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлерді ұсыну, олардың партиялық тізім жасау, сайлауды өткізу мен сайлау қорытындысын шығару, үміткерлер арасында депутаттық мандаттарды тарату, оларды партиялық тізімге енгізу процедуралары регламенттелген. Сонымен бірге Қазақстан халқы ассамблеясынан мәжіліс депутаттарының бір бөлігіне ат ұсыну мен оларды сайлау тәртіптері айқындалған.

"Мәжіліс депутаттарын негізінен партиялық тізім бойынша сайлау ұсынылып отыруына байланысты заң жобасында саяси партиялардың сайлау жарнасын енгізу тәртіптерін рететйтін жаңа ережелер қарастырылған, саяси партияларды өткен сайлау қорытындысына сәйкес қаржыландыру көлемін ескере отырып сайлау жарнасының мөлшерін әртүрлі белгілеу көзделген",- деді З.Балиева.

"Сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заң жобасы президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны