12.12.2012, 13:56 2979

Парламент салық салу мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - Парламент салық салу мәселелері бойынша заңға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліс бүгін пленарлы отырысында "Салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген өзгерістермен келісті, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің тілшісі хабарлады.

Құжат мемлекет басшысының қол қоюына жіберілген.

Сенатта заң жобасын қарастыру барысында оған бірқатар өзгерістер енгізілді. Мәселен, сенаторлар банктердің үмітсіз қарыз бойынша провизияларды (резервтерді) шығарып тастау мерзімін ұзартуға қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

"Тұруға арналмаған жайлардан тұратын ғимарат бөлігін сату бойынша ҚҚС енгізу, жер қойнауын пайдаланушылардың контрактілік аумақты кеңейту кезінде коммерциялық табу бонусын алу және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап керосин пайдаланғаны үшін қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем мөлшерлемелерін енгізу, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Астана - Шучинск жолымен жүру үшін төлем енгізу ұсынылған", - делінген сенат тұжырымдамасында.

Құжатқа сәйкес, компаниялардың жұмыс өнімділігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін электрондық шот фактураларды енгізу, ақпарат өңдеуге кететін уақыт пен шығынды азайту қаралған, ликвидациялық салықтық тексерусіз камералдық бақылау қорытындысы негізінде заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жекелеген санаттарын жоюдың жеңілдетілген тәртібі белгіленуде, сондай-ақ салықтық есеп-қисап өткізбейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп жоюдың арнайы тетіктері енгізілуде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді жүзеге асыратын салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 267-бабының ережелерін пайдалану құқығы енгізіледі. Онда тауар экспорттауда нөлдік мөлшерлемемен салық айналымы бойынша қосымша құн салығы арттырылған соманы қайтару мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны