03.02.2009, 18:02 3046

Парламент сенаты "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" ҚР заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Парламент сенаты "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" ҚР заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды , деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы ұйымдардың тиімді қызметін қамтамасыз ету және қолданыстағы заңнамаларды "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" туралы негізгі заң жобасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы 4 кодекс пен 14 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" заңның күшін жояды. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған. Сол секілді Салық кодексіне де өзгерістер енгізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны