03.02.2009, 17:03 3075

Парламент сенаты "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Парламент сенаты "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды

Астана. 26 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" туралы заң жобасына өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы әлем экономикасында байқалып отырған дағдарыс жағдайында еліміздің макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң жобасында Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық ережелері, қызмет тәртібі, мақсаты мен міндеттері және өкілеттігі, сондай-ақ, қорға жататын заңды тұлғалардың, акциялардың (қатысу үлесінің) жекелеген өкілеттіктері белгіленген.

Қордың белгіленген мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мынандай өкілеттіктер беріледі: 1)Стратегиялық нысандарды Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша иеліктен айыруға басым құқықтар беріледі; 2) еліміздің заңнамаларына сәйкес стратегиялық нысандарға жататын ұйымдар, акция пакеттері (қатысу үлесі) немесе республика экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар ұйымдар банкротқа ұшыраған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша конкурстық массаны сатып алуға басым құқықтар беріледі; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған ереже бойынша банкілер акцияларын сатып алуға құқықтар беріледі.

Заң жобасын талқылау барысында мәжіліс мақұлдаған жобаға өзгерістер енгізу туралы айтылды.

Заң жобасындағы банк акцияларын сатып алуға және айыруға, сондай-ақ белгіленген акцияларды сенімді басқаруға беруге қатысты ережелердің кері күші болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны