03.09.2009, 10:39 3160

Парламент сенатының төрағасы Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысын қабылдады

Парламент сенатының төрағасы Еуропалық комиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысын қабылдады

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Еуропалық комиссияның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің басшысы, елші Норбер Жустенді қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропаның ауқымды ынтымақтастығы, оның ішінде біздің еліміздің ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі мәселелері жайында пікір алмасылды.

Еуроодақты Қазақстанның ірі инвесторы әрі сауда әріптесі ретінде атап өте келіп төраға "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында өзара тиімді ынтымақтастыққа мол мүмкіндік ашылатыны туралы пікірін білдірді.

Қазақстанның алдағы уақытта ЕҚЫҰ-на төрағалық ету мәселелеріне тоқталған Қ.Тоқаев қоғамның барлық салаларындағы демократиялық үдерістерді тереңдетуге бағдарланған жұмыстар туралы айтты.

Еурокомиссия өкілдігінің басшысы Н.Жустен ЕҚЫҰ-на төрағалық ету Қазақстан үшін маңызды міндет екенін және осы ізгілікті іске әзірлік барысында табысты болуға тілектестігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны