23.01.2008, 18:53 2839

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті

Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Қытай Халық Республикасына ресми сапармен жүріп кетті, деп хабарлайды агенттік сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қ.Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның, Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның және Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысы тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Хэ Лулимен кездесуі жоспарланған.

Қазақстан парламенті сенатының басшысы сондай-ақ Халық өкілдері бүкілқытай жиналысында болады, ҚХР сыртқы істер министрлігі жанындағы Қытайдың халықаралық проблемалар институтында ғылыми және саяси жұртшылық алдында лекция оқиды, Халық өкілдері бүкілқытай жиналысы тұрақты комитеттерінің басшыларымен және ҚХР-дың басқа да мемлекеттік қайраткерлерімен кездеседі.

Қазақстанның парламенттік делегациясы алда болатын Олимпиада-2008 нысандарында, оның ішінде Ұлттық олимпиялық "Құс ұясы" стадионында және "Цяньмэнь" шетел тілдері мектебінде болады.

Сапар бағдарламасында Гуандун провинциясы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданына бару қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны