17.06.2015, 12:46 3544

Парламент сессиясы шілденіӊ 15-іне дейін ұзартылды

Бүгін ҚР Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысында бесінші сайланған ҚР Парламентініӊ төртінші сессиясыныӊ жұмысын ұзарту жөнінде шешім қабылданды

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті палаталарыныӊ бірлескен отырысында бесінші сайланған ҚР Парламентініӊ төртінші сессиясыныӊ жұмысын ұзарту жөнінде шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі таӊда Парламент алдында жұмыс көбейіп отыр. Бұл біздіӊ басқа мемлекеттік органдармен үйлесімді жүйеде жұмыс істеуімізді талап етеді. Осыған орай, біз уақытты ұтымды пайдалану үшін Парламент сессиясын ұзарту мәселесін қарастырдық", - деді Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оныӊ сөзіне қарағанда, Конституцияныӊ 59 бабы, 3-тармағында "Парламенттіӊ кезекті сессиясы жылына бір рет қыркүйектіӊ бірінші жұмыс күнінен маусымныӊ соӊғы жұмыс күніне дейін өткізіледі" деп көрсетілген. Бұл ретте Конституцияда көрсетілген мерзімді өзгертуге тыйым салатын норма жоқ.

"Конституциялық Кеӊестіӊ аталған нормаға берген ресми түсіндірмесін негізге ала отырып, бесінші сайланған Парламенттіӊ төртінші сессиясын 2015 жылдыӊ 15 шілдесіне дейін ұзартуды ұсынамын", - деді спикер Қабиболла Жақыпов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны