31.01.2007, 14:42 6369

Парламент шағын инвесторлардың құқығын қорғау мәселесі жөніндегі заңға енгізілетін өзгертулерді мақұлдады

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің алқа отырысында депутаттар  "Шағын инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенаторлардың ұсынған толықтыруларын құптады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі. 
 
Мәжіліс отырысында баяндама жасаған депутат Оралбек Жақияновтың айтуынша, "сенаттың енгізген  толықтырулары редакциялық және айқындайтын негізде жазылған, заң жобаның редакциясын жақсартуды көздейді". 
 
Осыған дейін хабарлағанымыздай, заң жобасы инвесторлардың құқығын қамтамасыз етуге байланысты, оның ішінде құнды қағаздарға инвестиция салатын инвесторлардың қарым-қатынастарын реттеуге бағытталған. 
 
Атап айтқанда, әкімшілік заң бұзушылық жөніндегі Кодекске енгізілген өзгертулерге сәйкес, егер банктер инвесторлармен жасаған келісімдерінде сыйақы мөлшерін көрсетпеген жағдайда және сыйақы көлемі туралы ақпаратты таратса, сонымен қатар инсайдер ақпаратын заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған. 
 

Шаруашылық серіктестік жөніндегі" заң күші бар, елбасының қаулысына енгізілгелі отырған өзгертулер серіктестікке қатысушылардың ақпарат алу құқығын нығайтуға бағытталған. 

 

Банк және банк қызметтері жөніндегі", "Сақтандыру қызметі жөніндегі", "Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңдарға енгізілетін өзгертулер, шағын акционерлерге қатысты, яғни олар бірігетін болса процедуралық мәселелерді шешу мақсатында заңдастырылады, сонымен қатар банктердің филиалдары мен өкілдіктерін, сақтандыру ұйымдары мен зейнетақы жинақтау қорларын ашу процедурасы оңтайландырылады".

 
Жалпы алғанда, заң жобасы миноритарлы инвесторларға инвестиция нысаны туралы және  құқықтары мен міндеттері жөнінде толыққанды ақпарат алуға  мүмкіндік береді.  
 
Сонымен қатар, енгізілетін өзгертулердің арқасында нарықта жұмыс істейтін субъектілердің қызметін мемлекеттік реттеу жүйесі жетілдіріледі, атап айтқанда қаржы делдалдары мен кеңесшілер тарапынан инвесторлардың құқықтарына нұқсан келетін болса  мемлекеттік органдардың жедел түрде және нәтижелі шара қолдануын қамтамасыз етеді. 
 
Сондай ақ, заң жобасы инвесторлардың құқығын қорғайды және олардың  құқықтары бұзылмайтындығына заңды түрде кепілдік береді. 
 
Енгізіліп жатқан өзгертулер, инвесторлардың құқығын бұзғандардың жауапкершілігін арттырады, құнды қағаздармен опперация жүргізгенде бұрмалауға, алаяқтыққа, жалғандыққа жол бермейді. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны