11.12.2008, 12:15 1884

Парламент Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына ұйым хатшылығының мәртебесін өзгерту үшін енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына ұйым хатшылығының мәртебесін өзгерту үшін енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Санкт-Петербург қаласында (Ресей Федерациясы) 2002 жылғы 7 маусымда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысы бойынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының хартиясына ұйымның хатшылығының мәртебесін әкімшілік органнан атқарушы органға өзгерту туралы түзету енгізілмек. Сонымен бірге хатшылықтың атқарушы хатшысы деген лауазым бас хатшы болып өзгертіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны