24.11.2006, 11:48 3022

Парламент "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 24-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" конституциялық заңды екінші оқылымда қарап қабылдады , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы құқықтық саясат жөніндегі тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында сот жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Енгізілетін түзетулердің көмегімен қазіргі судьялар мен судьялық лауазымнан үміткерлерге қойылатын талап күшейтілді. Сонымен бірге заң әділеттілікке қол жеткізу сапасын, әрбір судьяның кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігін көтерудің жаңа құқықтық тетігі болып табылатын сот қазылар алқасын қолданысқа енгізеді. Сот қазылар алқасы Жоғарғы соттың жанынан құрылады және ол судьялардың кәсіби біліктілігі мен жұмысқа жарамдылық деңгейін анықтайды.

Сонымен бірге судьялар қоғамдастығының жауапкершілігін көтеру мен субьективизмнен құтылу үшін заң жобасы тәртіптік істерді қозғау құзыретін сот төрағаларынан судьялардың тәртіптік квалификациялық алқасына беру ұсынылды.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны