06.05.2010, 10:32 1672

Парламент "Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады

Парламент "Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады

Астана. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінің қорытындысына сәйкес, "Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттама таңбалардың халықаралық тіркелуін қамтамасыз ету мақсатында Мадрид келісімі елдеріне олар үшін қолайлы шарттарды таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ережелерді енгізу жолымен жүйеге елдердің шектелмеген тобының қосылуы үшін қазіргі бар құқықтық кедергілерді жою міндетін шешеді.

Хаттаманы ратификациялау мынадай артықшылықтар береді: 1) халықаралық тіркеуге өтінім ұлттық тіркеу базасына да және ұлттық өтінім базасына да негізделе алады, осыған байланысты конвенциялық басымдықты сақтау рәсімі жеңілдейді; 2) Хаттамаға қатысушы мемлекет жеке баждарды (үстеме және қосымша баждардың орнына) белгілей алады, бұл мемлекет кірісінің ұлғаюына септігін тигізуі мүмкін.

Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісіміне хаттаманы ратификациялау қажеттігі отандық тауар өндірушілер мен бизнесмендердің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге септігін тигізетін тиімді шаруашылық жүйелерін құруға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны