12.04.2007, 11:29 2684

Парламент тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу туралы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімді бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 12-сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының темір жол бөлігі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының темір жол бөлігі бойынша тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу туралы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Келісімнің мақсаты Қазақстан мен Ресейдің көршілес елдің аумағында орналасқан темір жол бөліктері бойынша тасымал төлемдерін төлеу және жүктерді рәсімдеу тәртіптерін айқындауға саяды.

Келісімге 2006-жылдың 15-тамызында Сочиде қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны