06.10.2016, 11:05 4601

Парламент "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" ҚР жаӊа Заӊын қабылдады

Жаӊа заӊнамаға сәйкес, үлескерлердіӊ қаражатын тартудыӊ үш тәсілі қарастырылған

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" ҚР жаӊа Заӊы күшіне енеді. Соған сәйкес елдегі үлескерлік құрылыс талаптары күшейтілетін болады, деп хабарлайды Үкіметтіӊ баспасөз қызметі.

"Парламент "Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы" ҚР жаӊа Заӊын қабылдады. Ол 2016 жылдыӊ 10 қазанынан бастап күшіне енеді.

Жаӊа заӊнамаға сәйкес, үлескерлердіӊ қаражатын тартудыӊ үш тәсілі қарастырылған. Бірінші тәсіл - қор кепілдігін алу арқылы үлескерлердіӊ қаражатын ұлғайту мүмкіндігі. Екіншісі - жергілікті атқарушы органныӊ рұқсатымен, екінші деӊгейлі банктіӊ қатысуымен, және үшіншісі - жергілікті атқарушы органныӊ рұқсат беруімен, тұрғын үйдіӊ қаӊқасы тұрғызылғаннан кейін", - деп хабарлады Астана қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысыныӊ орынбасары Дәулет Досқұлов Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оныӊ айтуынша, құрылыс салушылар келесі талаптар орындалған кезде ғана үлескерлердіӊ қаражатын тарта алады. Ол - жер учаскесініӊ болуы, тұрғын үй нысандары құрылысыныӊ шығындары сметасынан тұратын мемлекеттік сараптаудан өткен жобалық-сметалық құжаттама, сондай-ақ, тиісті инженерлік коммуникацияларды қосу жұмыстары.

"Кепілдік беру қорымен шартқа қол қойып, кепілдікке ие болған жағдайда, құрылыс салушы қаражаттарды тартуға құқылы болады. Қалған екі тәсіл бойынша тек жергілікті атқарушы органнан үлескерлердіӊ қаражатын тарту бойынша рұқсатын алған кезде ғана жүзеге асырылады. Бұл қызметті жергілікті атқарушы органда, яғни Астана қаласыныӊ әкімдігінде қала сәулеті басқармасы орындайтын болады. Мұнда құжаттарды қабылдау мен қарастыру жұмыстары және үлескерлердіӊ қаражатын тартуға рұқсаттама дайындалатын болады", - деді Д. Досқұлов.

Еске сала кетейік, әлеуетті үлескерлер мен құрылыс салушылар кез-келген туындаған сұрақ бойынша Астана қаласы әкімдігініӊ call-орталықтарына 1414 телефоны бойынша хабарласуы керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны