11.06.2007, 16:40 2854

Парламент тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша заңнамаларға енгізілетін түзетулерді қабылдады


АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Тұрғын үй жинақ ақшасына қатысты мәселелер бойынша кейбір заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұрындары хабарлағанымыздай, заң жобасымен жаңа - "алдын - ала тұрғын үй қарызын беру" түсінігі енгізіледі. "Бұл қарыз тұрғын үй жинақ ақша банкіне салым салушыға тұрғын үй жинақ ақшасын жинаумен қатар, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында беріледі. Ал бүгінгі заңға сәйкес ең кемінде міндетті түрде үш жыл ақша жинау керек",- деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар, оның айтуынша, заң жобасымен тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің жинақ және несие схемасы өзгертіледі. Атап айтқанда, елуде елу арақатынасын енгізіледі. Бұл 50 пайызын салымшының өзі жинауға тиіс, ал 50 пайызы - үкіметтің сыйы. Бюджеттің мұндай шығындарын жабу үшін келесі жылдары тиісті қаржы қарастырылады.

Заң жобалаушыларының пікірінше, жинақ схемасындағы өзгерістер "тұрғын үй жинақ ақшасы жүйесінің салымшыларына пайда әкелетіндігі сөзсіз, себебі салым сенімділігі, ұзақ мерізімді жинақ қауіпсіздігі артады".

Заң жобасымен сондай-ақ тұрғын үй жинақ ақшасы туралы келісім жасау тәртібі оңайлатылады.

Заң жобасы президентке қол қоюға жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны