14.10.2010, 13:12 4745

Парламент уақытша әкелу туралы конвенцияны қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы" ҚР заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенаттың қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында уақытша әкелу туралы конвенция 1990 жылы Стамбул қаласында қабылданғандығы атап көрсетілген.

"Конвенцияның мақсаты - экономикалық, гуманитарлық, мәдени, әлеуметтік және туристік байланыстарға қол жеткізу, оларды дамыту мақсатында уақытша әкелу саласындағы ережелердің біркелкілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге құжат уақытша әкелудің кедендік режімін оңайлату мен үйлестіруді, халықаралық кедендік құжаттар ретінде уақытша әкелу туралы құжаттардың стандартталған үлгісін қабылдауды көздейді. Мұның өзі халықаралық кепілдіктермен қатар, кедендік құжат пен кепілдік талап етілген жағдайда уақытша әкелу рәсімдерін жеңілдетуге жағдай жасайды",- деп түсіндірілген қорытындыда.

Аталмыш конвенциясы ратификациялау ұсынылатын құжаттар үлгісіг стандарттауға мүмкіндік береді, сонымен қатар ҚР сауда саясатын дамытуға және қалыптастыруға түрткі болады,- деп атап көрсеткен мәжіліс комитетінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны