02.09.2007, 13:36 3350

Парламент үкіметке сенім білдірді

Қазақстан парламенті үкіметке сенім білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. Бұл шешім үшін мәжілістің жалпы отырысында бүгін төменгі палатаның 103 депутаты дауыс берді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан парламенті үкіметке сенім білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл шешім үшін мәжілістің жалпы отырысында бүгін төменгі палатаның 103 депутаты дауыс берді.

"Сөйтіп, үкіметке бір дауыстан сенім жүктелді", - деді бүгін палатаның төрағасы болып сайланған Аслан Мусин.

Еске сала кетейік, Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес, парламенттің жаңа құрамы сайланғаннан кейін премьер-министр үкіметке сенім білдіру мәселесі жөнінде депутаттарға сұрау салады. Егер парламент үкіметке сенімсіздік білдірсе, онда үкімет отставкаға кетіп, оның жаңа құрамы жасақталады. Ал егер парламент үкіметке сенім білдірсе, онда үкімет өз жұмысын жалғастыра береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны