09.02.2007, 16:49 3186

Парламент үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұл шешім үшін бірлескен отырысқа қатысқан депутаттар, соның ішінде сенаттың 35, мәжілістің 53 депутаты толық дауыс берді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда осыдан бір ай бұрын үкімет басшысы болып тағайындалған Кәрім Мәсімов ел Конституциясына сәйкес үкіметтің таяу жылдарға арналған бағдарламасын таныстырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны