29.04.2010, 11:42 1980

Парламент Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өздері тұратын тұрғын үйлерін жеке меншікке тегін алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулерді қабылдады

Парламент Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне өздері тұратын тұрғын үйлерін жеке меншікке тегін алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулерді қабылдады

Астана. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Сенаттың Илеуметтік-мәдени даму комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасымен Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өздері тұратын тұрғын үйлерін меншігіне тегін алуына, сондай-ақ олардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға немесе жергілікті атқарушы орган жалдаған жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бірінші кезекті құқық беру белгіленеді.

Сонымен қатар, еліміздің заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша жалғыз тұрғын үйі апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға тұрғын үй беруге байланысты мәселелер де реттеледі.

Заң жобасына ұсынылып отырған өзгерістер Ұлы Отан соғысының ардагерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудегі мемлекеттік қолдауды күшейтуге бағытталған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасын мәжіліс депутаттары Владимир Бобров, Владимир Нехорошев және Аманғос Өтегенов дайындаған.

Бастамашылардың мәлімдеуінше, аталған заң жобасы Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығын бірінші кезекте берген кезде олардың табысынан шектеулерді алып тастау арқылы аталған санаттағы адамдарға мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мақсатында әзірленген.

Қазіргі уақытта "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдар халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына жатады және тұрғын үйге мұқтаж басқа адамдармен қатар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға теңдей құқықтары бар. Облыс, Астана мен Алматы қалалары әкімшіліктерінің деректері бойынша, кезекте тұрған Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары, сондай-ақ оларға теңестiрiлгендердің саны 5 мың 651 адамды құрайды.

Осыған байланысты депутаттар бастамашы болған заң жобасында Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу құрметіне Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрғын үйлерін жеке меншікке өтеусіз беру құқығын, сондай-ақ олар бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың жеке тізімін жүргізу арқылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға басым құқық беру ұсынылады.

Сонымен қатар еліміздің заңнамалық актілерінде азаматтарды апаттық жағдайдағы үйлерден мемлекеттік тұрғын үй қоры болып табылатын, жергілікті атқарушы органдар салған тұрғын үйлерге көшіруге қатысты құқықтық олқылықтар бар. Сондықтан заң жобасында апаттық жағдайдағы жеке үйлерден көшірілген азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу кезеңінде оларға мемлекеттік тұрғын үйден берілген тұрғын үйдің құқықтық мәртебесін айқындау және апаттық жағдайдағы үйлері бар және сондай үйлерде тұратын азаматтардың жеке тізімін бекіту нормалары ұсынылған.

Заң жобасында ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар тұрғын үйге мұқтаж Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларын уақытында тұрғын үймен қаматасыз етуге, сондай-ақ тұрғын үйлер нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес апаттық жағдайда деп танылған азаматтарға тұрғын үй бөлу мәселесін шешуге ықпал етпек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны