30.06.2014, 22:37 6510

Парламент үшінші сессияның қорытындысы бойынша 150-ден астам заң жобасын қарады - Қ.Жақыпов

Үшінші сессияда Парламент 104 заң қабылдаған, қазірдің өзінде Президент 80 заңға қол қойды.Мемлекеттік деңгейдегі көптеген өзекті мәселелер бойынша парламент депутаттары атқарушы және құқық қорғау органдарының жетекшілеріне 444 депутаттық сауал жолдады.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Парламенті үшінші сессиясы қорытындысы бойынша 150-ден астам заң жобасын қарады. Бұл туралы бүгін Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов мәлімдеді.

"Сессия "Қазақстан-2050" ұзақмерзімді Стратегиясын іске асыру шарттары бойынша басталды және жалғасын тапты. Аталмыш құжаттың ауқымды тарихи шаралары ретінде парламенттің заң шығару жұмысы мен магистральді бағыттарды анықтау болып табылады. Жалпы, бесінші шақырылымның үшінші сессиясының басынан бастап Парламенттің қарауында 154 заң жобасы болса, оның 114-ін Үкімет, он бірін депутаттар енгізді, ал 29 заң жобасы алдыңғы сессиялардан өткен", - дейді ол.

Үшінші сессияда Парламент 104 заң қабылдаған, қазірдің өзінде Президент 80 заңға қол қойды.Мемлекеттік деңгейдегі көптеген өзекті мәселелер бойынша парламент депутаттары атқарушы және құқық қорғау органдарының жетекшілеріне 444 депутаттық сауал жолдады.

Ең маңызды заң жобалары қатарында мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындауға; халықтың жұмыспен ойдағыдай қамтылуын ұйымдастыруға; әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға; өңірлік дамуға; шағын және орта бизнесті қолдауға қосымша 102 миллиардқа жуық теңге бөлінген, 2014-2016 жылдарға арналған үш жылдық бюджетті жетілдіру мәселесі аталып өтілді.

" Илеуметтік салаға арналған шығын - адам капиталын дамытуға бағытталған инвестиция екенін есепке ала отырып, біз ең алдымен, халқымыз үшін ең өзекті - денсаулық, білім, еңбекпен қамту, тұрғын-үй құрлысы, әлеуметтік қорғау салаларын қаржыландырып және Үкіметтен өте салмақты әрі сапалы нәтижелер күтуге қақылымыз",-деді Мәжіліс Төрағасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны