29.10.2008, 12:41 2041

Парламент "Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толықтырылған нұсқасы)

Парламент "Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 29 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Өзгерістер бір жинақтаушы зейнетақы қорының аясында әрқилы инвестициялық портфельдерді, атап айтқанда, байыпты, консервативтік және агрессиялық инвестициялық портфельдерді қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған портфельдердің активтері әртүрлі инвестициялық стратегия бойынша инвестицияланады және тиісінше, қаржылық құралдардың құрылымы, табыс көлемі және тәуекел деңгейі бойынша ерекшеленеді.

Заң жобасы қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны