11.12.2007, 11:02 1547

Парламент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекітті

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жедел әрекет етуші күштерін пайдалану тәртіптері жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Келісімнің мақсаты Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік аймағының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштерін пайдалану және жан-жақты қамтамасыз ету, шұғыл әрекет ету негіздерін құқықтық реттеу болып табылады.

Шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштер әскери басқыншылыққа жауап қату, бірлескен жалпы әскери, контртеррорлық және арнаулы іс-шараларға қатысу, соның ішінде Орталық Азия өңірі елдерінің ұлттық және аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлерге дер кезінде жауап қатуына арналған.

Келісімге 2006 жылдың 23 маусымында Минск қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны