18.10.2006, 15:30 3049

Парламент зейнетақы қамтамасыздығы туралы заңға енгізілетін түзетулерді жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Заң жобасын депутаттарға таныстырған жоба авторларының бірі Мұхтар Тінікеевтің айтуынша, құжат "зейнетақы заңнамасын прокуратура, құқық қорғау және әскери қызметкерлерді бірдей зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Конституция талаптарымен сәйкестендіруге бағытталған".

Мәселен, М.Тінікеевтің айтуынша, 1999-жылы "Зейнетақы қамтамасыздығы туралы" заңға өзгеріс енгізгеннен кейін 1998-жылдың 1-қаңтарына дейін зейнет демалысына шыққан прокуратура қызметкерлерінің зейнетақысының көлемі азайтылса, керісінше, ІІМ, ҰҚК, МТК органдарының қызметкерлері мен әскерилердің зейнетақысы бұрынғы деңгейде қалған. Депутаттардың пайымдауынша, зейнеткерлерді бұлайша бөлу алалаушылыққа жатады. Ал бұрын аталмыш категориялы қызметкерлердің еңбекақысы мен зейнетақысы бірдей болған.

Заң жобасына берілген түсініктемеге сәйкес, "прокуратура органдары қызметкерлерінің зейнетақы төлемдеріне қойылған шектеуді алу мәселесі" бойынша депутаттардың республикалық бюджеттік комиссияға жасаған өтініші үкімет тарапынан қолдау тауып, "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында бұл мақсатқа 48,3 млн. теңге қарастырылған.

"Осынау заң жобасын қабылдау әлеуметтік әділеттіліктің орнауына алып келеді",- деді М.Тінікеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны