24.05.2007, 13:48 3038

Парламент жарнама мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін түзетулерді қабылдады

АСТАНА. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Жарнама туралы кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталары арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін құрылған келісім комиссиясының шешімін мақұлдау туралы мәжілістің қаулысын қолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы шылым және шылым өнімінің жарнамасына тыйым салып, қораптың жоғарғы жағындағы шылым шегу зияндылығы туралы ескерту көлемін 30% ұлғайтуды көздейді.

Ішімдік және шылым өнімдеріне жасырын немесе жанама жарнама жасауға тыйым салу үшін түрлі шаралар ұйымдастыру, оның ішінде ұтыс ойындары арқылы жарнамалауға тыйым салу ұсынылуда .

Осыған дейін сенаторлар мәжіліс депутаттарының енгізген сыра және құрғақ табиғи шарапты жарнама жасауға рұқсат беретін ережелерімен келіспейтіндіктерін білдірген болатын. Оған қоса, жоғары палата депутаттары тауар белгісіне қатысты бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны