09.01.2013, 12:07 3083

Парламент жеке басты куәландыратын құжаттар туралы заң жобасын қабылдады

Палата депутаттары сенаторлар енгізген ұсыныстарға келісімін беріп, құжатты қабылдады.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Палата депутаттары сенаторлар енгізген ұсыныстарға келісімін беріп, құжатты қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасының мақсаты - жеке басты куәландыратын құжатты рәсімдеу, беру, ауыстыру, өткізу, алып қою және жою талаптарын белгілеу. Құжат еліміздегі жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негізін айқындауды көздейді. Сонымен қатар, заң жобасында жеке басты куәландыратын сипаттағы құжатқа анықтама бірегейлендіріледі. Бұдан бөлек, жеке басты куәландыратын құжаттар түрлерінің тұтастай тізбелері анықталады. Құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның құзыреті айқындалады.

Атап айтқанда, заң жобасы бойынша азаматтық құқықтық келісімдерді жасайтын Қазақстан азаматының төлқұжаты мен жеке куәлігі, шетелдіктің тұруға құқық беретін және республикада тұрақты тұратын азаматтығы жоқ азаматтың жеке куәлігі, шетелдік азаматтың шекаралық төлқұжаты секілді құжаттардың тізімі айқындалып отыр. Еліміздің құзырлы орындары берген бұл құжаттар мемлекеттің меншігі болып заң жүзінде бекітілмек. Сонымен қатар, оларды беру және жарамсыз деп танудың негіздері дәйектелген.

Сенатта талқылау барысында заң жобасына 9 өзгеріс енгізілген. Олардың басым бөлігі редакциялық нақтылау сипатында болып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны