29.06.2007, 11:37 2932

Парламент Жер кодексіне енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қабылдады

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен жалпы отырыста сенат депутаттары "Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Отырыста сөйлеген сенатор Фарид Ғалымовтың айтуынша, бұл құжатпен Жер кодексі мен Бюджеттік кодекске, сондай-ақ, "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу іс-қызметі жөніндегі", "Автокөлік жолдары туралы", "Автокөлік транспорты туралы" заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

"Енгізілетін өзгерістер құжаттарды "Астананың мәртебесі туралы" заң нормаларымен сәйкестендіруге бағытталған", - деді Ф. Ғалымов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Астананың мәртебесі туралы" заң кеше қабылданған.

Заң мемлекет басшысының қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны