01.11.2006, 12:00 2977

Парламент "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады

АСТАНА. 1-қараша. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Серік Ибдірахмановтың бастамасымен әзірленген "Жергілікті өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл заң жобасы Қазақстанның Ата заңының 89-бабына толық сәйкеседі. Оған сәйкес Қазақстан Республикасында жргілікті өзін-өзі басқару мойындалады және ол тұрғындардың жергілікті тауқыметтерді өз бетімен шешу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі",- делінген заң жобасын берілген түсініктемеде.

"Заң жобасы жергілікті өзін-өзі басқарудың жүйесі мен кепілдіктерін, іс-қызметін ұйымдастыру принциптерін, құқықтық мәртебесін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазым иелерінің жауапкершілігін, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар арасындағы ықпалдастықты айқындайды",- делінген құжатта.

Жаңа заң жобасының бастамашыларының айтуынша, заң нормаларын жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы жұмсауды талап етпейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны