05.07.2007, 10:59 2805

Парламент жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңды қабылдады

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы", деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Заң жобасының мақсаты жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу жүйесін жетілдіруге саяды", - деді заң жобасын депутаттарға таныстырған әділет вице-министрі Дулат Құсдәулетов.

Заңда атап айтсақ, қазір жұмыс істеп жатқан "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК-ын қайта құру қарастырылған. Бұрындары заң жобасын мәжілісте таныстырған жоба авторлары жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты тіркеу функциясын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына және аумақтық әділет басқармаларына беру ұсынылып отырғанын түсіндірген.

Сонымен бірге, заңмен жылжымайтын мүлікке қатысты құқықты міндетті түрде тіркеу институты енгізілмекші, ал бұл вице-министрдің пікірінше, "азаматтардың жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарын тиімді қорғау мүмкіндігін тудырады".

Заң нормаларымен техникалық санақ жүргізуге мемлекеттік монополия орнату мүмкіндігі енгізіледі.

Жалпы отырыста сенат депутаттары сонымен бірге "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат "Жылжымайтын мүлікке және оны саудалауға қатысты құқықты мемлекеттік тіркеу туралы" заңға ілеспе заң. Онда Азаматтық және Жер кодекстеріне, Икімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне, сондай-ақ, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы", "Иділет органдары туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу көзделген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны