10.02.2011, 15:01 4167

Парламент Жол белгілері туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді қабылдады

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 10 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Венада 1968 жылғы 8 қарашада қол қою үшін ашық Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған келісімнің мақсаты - оған қатысушылардың жол белгілеріне, сигналдары мен белгілеулеріне және жол таңбаларына қатысты жол жүрісі қағидаларын біріздендіру, сондай-ақ халықаралық жол жүрісін жеңілдету және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру болып табылады. Келісімге сәйкес, тараптар өз аумақтарында қолданылатын жол белгілері мен сигналдарының және жол таңбаларының жүйесі келісімнің қосымша ережелеріне сәйкес келуі үшін тиісті шараларды қабылдайды.

Ал келісімде белгіленген жүйеге сәйкес келмейтін барлық сигналдық белгілер, таңбалар мен құрылғылар заң жобасы күшіне енген күннен бастап он жыл ішінде ауыстырылуы тиіс. "Келісімді ратификациялау Қазақстан Республикасындағы жол-көлік жарақатын төмендету мәселелеріндегі ынтымақтастықты одан сайын дамытуға елеулі үлесін қосады. Жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы қауіпсіздік талаптарын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге ықпал ететін болады", - деді құжат бойынша баяндаған ІІМ-нің орынбасары Амантай Күреңбеков.

Парламент қабылдаған заң теріс әлеуметтік әрі экономикалық салдарға әкеп соқпайды. Құжат Елбасының қол қоюына жолданатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны