30.04.2008, 11:45 3153

Парламент жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрады

Парламент жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамаға енгізілетін түзетулерге қатысты келісім комиссиясын құрады

Астана. 30-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комисс иясын құруға шешім қабылдады,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Заң жобасын талқылау барысында оған өзгерістер енгізу қажеттігі туды, атап айтсақ, екіұдай түсіндіруге жол бермеу үшін көлік құралын басқару жөніндегі арнаулы құқықтан айыруға қатысты норма нақтыланды; әкімшілік құқық бұзушылық үшін көлікті басқару құқығынан өмір бойы айыру санкциясын әлеуметтік сипаттағы кері залал-зардаптардың туындауы мүмкіндігіне байланысты жеті жыл мерзіммен ауыстыру ұсынылды; жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар субьектілерінің аясы кеңейтілді", -делінген сенаттың заңнама және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Бұған қоса сенат депутаттары редакциялық және нақтылау сипатындағы бірқатар ұсыныстар енгізді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, заң жобасы жол қозғалысының қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік басқаруды одан әрі жетілдіріп, көлік апаттарының деңгейін төмендетуге қатысты тиімді шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жол беретін жағдайларды жоюға бағытталған.

Атап айтқанда, әкімшілік заң бұзушылықтар туралы кодекске "жүргізушіге де, көлік иесіне де әкімшілік заң бұзушылық жазасын жүктеуді" қарастыратын статья енгізіледі.

"Аталмыш шара халықаралық тәжірибе негізінде енгізілуде және де көлік иесінің көлік құралын тиісінше және қауіпсіз пайдалануға деген жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді",- деп түсіндірілген қорытындыда.

Сондай-ақ, заң жобасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы арнайы құқықтан айыру мерзізімін ұзартып, көлікті мас күйінде басқарғандарға жүктелетін жауапкершілікті қатайтуды қарастырады. Сонымен қатар, аталмыш заң жобасы заң бұзушы бір жыл ішінде әкімшілік заң бұзушылықты қайталаған жағдайда оны жол қозғалысының ережесіне қатысты білімін тексеруге жіберуді қарастырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны