05.10.2006, 18:28 3191

Парламентке жалған жала жапқаны үшін жүктейтін қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы түсті

АСТАНА. 5-қазан. Kazakhstan Today. Парламентке "Жалған жала жапқаны және зорлық-зомбылық жасағаны үшін жүктейтін қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үкіметтің заң жобасына берген түсініктемесіне сәйкес, Қылмыстық кодекске "қоғамдық-саяси шаралар кезінде жала жапқаны үшін жүктелетін жауапкершілікті күшейтетін түзетулер енгізілмекші", өйткені, "осындай шаралар кезінде кері құқықтық залал-зардаптардың деңгейі өсе түседі". Мәселен, "сайлауға дайындық және оны өткізетін кезде президенттіктен, парламент немесе мәслихат депутаттығынан, әкімдіктен үміткерлерге қатысты , сондай-ақ, референдум кезінде жала жапқаны үшін екі жылға дейін бас еркіндігінен айыру, немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылған".

Сондай-ақ, "көлемі шектеусіз аудиторияға арнап, діндарлардың беделі мен ар-ұжданына дақ келтіретін ақпараттары бар үнпарақтар, плакаттар, суреттер немесе басқа да бейнелер мен аудиобейнеөнімдерді пайдаланып қорлағаны үшін" қылмыстық жауапкершілік жүктеу ұсынылған.

Сонымен бірге Икімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодекске "отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттері үшін жүктелетін жауапкершілікті белгілейтін" бап енгізу ұсынылып отыр.

"Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу - бұл зорлық-зомбылықтың құқықтық тұрғыда ең аз реттелген , сөйте тұра ең кеңіенн таралған түрі болуына байланысты. Ал қолданыстағы заңнамада шын мәнінде заң бұзушы тарапынан туыстары мен бірге тұратын басқа да адамдарға психикалық жәбір көрсетуге жататын мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылмаған",- делінген құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны