14.10.2009, 13:23 1627

Парламентте "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Парламентте "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Астана. 14 қазан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" заң жобасы мен оған ілеспе "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша сенаттың түзетулерімен келіспеді, регламентке сәйкес, аталған заң жобалары бойынша парламентте келісім комиссиясы құрылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат депутаттары 24 қыркүйекте өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптамалық қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өз түзетулерін енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысына сәйкес, заң жобасы сот-сараптамалық қызметі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасымен Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу, Икімшілік тәртіп бұзушылық туралы кодекстерге, "Денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Лицензиялау туралы" заңдарға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр.

Сенатта талқылау барысында Мәжілісте мақұлданған заң жобасына өзгерістер енгізілетін болды.

Атап айтқанда, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 91- бабындағы тоғызыншы бөлігін сәйкес келтіру мақсатында заң жобасының 1- бабының 2- тармағы, 3) тармақшасының бесінші азат жолымен сот қаулысының орнына сараптама тағайындау туралы сот белгілемесі қарастырылатын болды.

Одан басқа "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекстің 57- бабының 1 тармағындағы 4) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында "Лицензиялау туралы" заңның 26- бабындағы 1) тармақшасына сот-медициналық, сот-психитриялық және сот-есірткілік сараптама түрлері де енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны