21.10.2009, 14:10 2952

Парламентте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Парламентте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды

Астана. 21 қазан. Kazakhstan Today - Парламентте "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясы құрылатын болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келіспейтіндіктерін білдірді, регламентке сәйкес, сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылады.

Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы халықаралық актілер ережелерін ескере отырып жазасын өткеру тәртібі мен жағдайын жетілдіру, сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының тиімділігін күшейту, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында әзірленген болатын.

Заң жобасы аясында Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу және Қылмыстық-атқару кодекстеріне, "Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін күшіне енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Иділет органдары туралы" заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Сондай-ақ, бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат енгізген толықтырулармен келіспейтіндіктерін білдірді, регламентке сәйкес, сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін келісім комиссиясы құрылады.

Жоғарғы соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ибдірашит Жүкенов жаңа жылдан бастап жаңа норма енгізілетінін, сондықтан заң жобасының қабылдану процесін жеделтету үшін сенат түзетуімен келісуге болатынын айтты. Алайда, бұл ұсыныспен аталмыш комитет мүшелері келіскен жоқ. Заң жобасына Сенат тарабынан қандай өзгерістер ұсынылып отырғанын депутат Жақып Асанов түсіндіріп өтті. Қос палата арасындағы келіспеушілікті еңсеру үшін комитет мәжілістің жалпы отырысында парламент палаталары арасында келісім комиссиясын құру туралы ұсыныс жасауға келісті. Ол комиссияға мәжіліс депутаттары Серік Темірболатов пен Рамазан Сәрпековтың кандидатуралары ұсынылды.

Мәжілістің заң жобасына ұсынған түзетуі "жауапкердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері, ал егер жауапкер заңды тұлға болып табылса, онда оның атауы, орналасқан жері, сондай-ақ егер талапкерге бұл деректер белгілі болса, қосымша тіркелген салық нөмірі" деп жазылады. Ал Сенат жеке басын куәландыратын деген жолдан кейін "туған күні, айы, жылы" деген сөздермен толықтыруды ұсынған.

Осы мәселелер комитет отырысында пікірталас туғызды. Бұл мәселенің анық-қанығы енді қос палата арасындағы келіспеушілікті еңсеру жөніндегі келісім комиссиясында шешіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны